Әніңді ме, білмеймін, өзіңді ме
Бұл бетте «Әніңді ме, білмеймін, өзіңді ме» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Елжіретіп жанымды дірілдеген
сенің әнің сақталды жүрегімде.
Алыстасың, амал не, бүгін менен –
сағынсам да, қайтейін, жүремін де…
Ән аңсамай жүретін, пәлі, мен бе –
естіп жүрмін талайын сен кеткелі:
әншіден бе болмаса әнінен бе –
жүрегімді бірі де тербетпеді.
Сабырлылық күшті ғой деп жүр едім,
жеңеді екен сағыныш төзімді де.
Аңсағандай, әйтеуір, жан-жүрегім
әніңде ме, білмеймін, өзіңді ме…
1965
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі