Қоштасу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қоштасу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2553
Әлдилеп ақ сүт берген қайран анам,
жан әкем жанарымен аймалаған,
қош, менің аяулы асыл әжетайым,
қарағым келеді деп, Ай қараған.
Қайырмасы: Қош, ауыл-құндағым,
балалық жылдарым,
достарым бір жүрген,
бір ойнап, бір күлген,
ертегі көктемім,
білмеппін өткенін…
Қыз-тағдыр осылай –
амалым жоқ менің.
Жеңгелер бал тамызған таңдайыма,
жапсырып жақсыларын тал бойыма,
аялап, еркелеткен ағаларым,
жүретін шаң тигізбей маңдайыма.
Қайырмасы.
Өсіп ем күміс күліп шашбауымда,
бұл тағдыр қыз балаға тасбауыр ма?!
Аттанып ақ ұямнан шыныменен,
жас келін атанам ба басқа ауылда?
Қайырмасы.
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоштасу өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қоштасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоштасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоштасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері