Кешір мені – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кешір мені» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2911
Өзіңсіз жүре алмайды екенмін-ау,
көңілден кез болар ма кетер қырау…
Алдыңда кінәлымын, кінәлымын,
не керек өкінішпен бекер жылау.
Қайырмасы:
Өзіңсің есімдегі,
қинайсың несін мені.
Өзіңсіз өмір қырау,
өзіңсіз көңіл қырау.
Сүйіктім, кешір мені,
кешір мені.
Жанымды өкініштен жараладым,
сен бірақ ойланбадың, қарамадың…
Түсініп тұрсың ғой сен, қимасым-ау,
жазылмас жүрегімде нала барын.
Қайырмасы.
Сені де күйзелдірді мынау қайғы,
тіл қатшы тым болмаса кінәм жайлы.
Өзіңнен басқа мені ұға алмайды,
кешірмей сүйген адам тұра алмайды.
Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері