Шығыстағы ару қыз – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Шығыстағы ару қыз» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1822
Жаралған ба ақ сезім, таңнан-нұрдан,
көрген адам қиялдай арман қылған,
бір ару бар Шығыста Тұрсындайдай,
өнерімен әлемді таңдандырған.
Қайырмасы:
Балғын дене, гүл шырай,
мүсінінің мінсізі-ай!
Шуақ шашқан Шығыстан
таңғы нәзік нұрсың-ай,
айналайын Тұрсынай!
Шыға келсе жарқ етіп, таң атқандай,
демің тартып қарайсың тағат қалмай.
Әр қимылы — әсем ән, әуезді ырғақ,
аққу жүзіп айдында баратқандай.
Қайырмасы.
Көзі қандай — еліктің жанарындай,
белі қандай — өріктің сабағындай!
Алма мойын, ай қабақ, ақша маңдай –
көріп пе едің сұлуды дара мұндай?!
Қайырмасы.
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері