Жеңгелер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жеңгелер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2431
Жаныма жаны жақын ағадан да,
сырды ұғар қабағымнан қарағанда.
Әзілдеп, ақтарылып, еркелетіп,
сендердей ешкім мені бағалар ма?!
Қайырмасы:
Жығылсам, дем берерім,
ауылда, елде менің
тілейтін тілеуімді
қашанда сендер едің,
аяулы жеңгелерім!
Тербелсе әр отаудың ақ құндағы,
өздерің береке мен бақ құндағы.
Сендер ме деп қараймын
қасиетті
даламның киесіндей аққулары.
Қайырмасы.
Нұрланып қабағыңмен дала күні,
өседі өздеріңмен аға құны.
Сендердің ақылыңсыз ағалардың
жетіспей қалатындай даналығы!
Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңгелер өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жеңгелер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңгелер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеңгелер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері