Кітап — білім бұлағы!
Бұл бетте «Кітап — білім бұлағы!» атты Мәдениетқызы Ардақ жазған білім туралы өлең берілген.
Кітап деген сиқыр ма екен әлде бір?
Кітаптарды қосайын мен әнге бұл.
Білсеңіздер кітаппен ой ашылған,
Тарихтарға талай таңба басылған.
Қарасаңыз саналы ұрпақ қазіргі,
Кітаппенен болған екен төзімді.
Кітаптардан бар әлемді көреміз,
Осы күшпен қадам басып келеміз.
Дініміз де ашылған бұл кітаптан,
Осыменен өттік талай сынақтан.
Кітаптардан біліп талай заманды,
Жаңа өлке, жаңа тарих қаланды.
Кітап деген — бұл әлемнің көрігі,
Адамдардың мәңгі адал серігі.
Саналатын бар ғаламның ұраны,
Әрқашан да кітап — білім бұлағы!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі