Әпенділік әрекет – Бауыржан Халиолла

Бұл бетте «Әпенділік әрекет» атты Бауыржан Халиолла жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2867
Жынды дейсің, мүмкін жынды шығармын,
Жындандырмай қояды ма мынау мұң.
Кімді, неге сағынамын, білмеймін,
Шыдай-шыдай шегі шықты шыдамның.
Өткеніме келмейді еш қарағым,
Өкініштің отын тілмен жаладым.
Көтере алмай иығымды, еңсемді,
Сонша неге есеңгіреп барамын.
Ақынмын деп алдарқаттым өзімді,
Кім тыңдады суға езген сөзімді,
Қайта бәрі кесіп алып басымды,
Ойып тастап тұрады ылғи көзімді.
Өтіп жатыр қыс пенен жаз, күз, көктем,
Бас айналар асу бар ма біз жеткен.
Қожанасыр тағдырыма не дейін,
Астымдағы арғымақты іздеткен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әпенділік әрекет өлеңінің авторы кім?

Бауыржан Халиолла — осы өлеңнің авторы.

Әпенділік әрекет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әпенділік әрекет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бауыржан Халиолла өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әпенділік әрекет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері