Алтын күзде атбасар – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Алтын күзде атбасар» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1187
Атбасар барсаң аулаққа
Тозаңы дайым толқындап.
Алаңда, күллі аумақта
Жатады жері солқылдап.
Жылауық жырау сөзіндей
Архивте сонау арғы жыл...
Ұйқысыз адам көзіндей
Аспаны түнде алқызыл.
Қаласы қауырт өмірдің
Таппайды бip сәт тыныштық;
Бөрене, бензин,
темірдің,
Астықтың демі тым ыстық.
Сонау бip элеваторға
Қайран да қалам қарасам,
Барғалы соның басына
Дақыл-таудан әpi асам.
Вокзалдың алды шымырлап,
Қайнаған ыстық тіршілік;
Ауадан астық шық ұрлап,
Yстінен сағым тұр шығып.
Сыбаға, сыйын үлесіп,
Вагондар онда тізілген;
Қоңырау соқса, жел eciп,
Қаладан қала үзілген.
Ақ құйын қалып iзiндe,
Билейді менің досымдай;
Арқаның алтын күзінде
Атбасар қала осындай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері