Лаборантка Фәрзана

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 859
Мен жазбаймын арзан аңыз,
Қараңғыға шам да шықты;
Лаборантка Фәрзана қыз
Орамалын шаң басыпты.
Күн нұрына жуған бұрым
Сырғасы да жасып, оңған;
Жотасында жуан бұрым
Тужуркаға жасырынған.
Eтігінің жұлығын да
Дән мүжіген күзден бepi,
Ұйқысыз түн жорығында
Ол өзгеше бізден гөpi.
Алақаны шоқтай қызыл
Tүci қашқан сұрша қыздың;
Kiмге мұнша сақтайды зіл,
Кiм жазықты сонша біздің?..
Қатпаған дән бүршігімен
Қатал қыздың уысында.
Авто-керуен тұр жүгімен
Түннің арғы қуысында.
Алмайсың деп жасыл сүтті
Керуен басы долы қатын,
Долы көзден жасын сүртті:
Пендең емес ол ұғатын.
— Неткен жансыз берен-ауыз?
Meнi мұнша сыбап әлі..
Қажет емес шикі қауыз,
Отан онсыз сыбағалы.
Керуен басын қан жылатып,
Қатты сөйлеп мен де кеттім.
Әлгі сөзбен қалды қатып,
Әлгі қызы мемлекеттің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лаборантка Фәрзана өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Лаборантка Фәрзана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Лаборантка Фәрзана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лаборантка Фәрзана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері