Қала көшесінде – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Қала көшесінде» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2011
Жол үстінде бұрышта,
Үйреншікті-қоныста.
Таң азаннан қол жайып
Шықты пенде жұмысқа...
Орамалдар, кепкілер,
Қайыр сұрап тентірер.
Тиын - тебен тастасаң
Ұлан - ғайыр бақ тілер.
Ақ домбыра, сырнайлар,
Әнді шырқар тойда айтар
Ғашық сырды ақтарған
Қор болдаң-ау, жыр-қайнар.
Қалт - құлт еткен ана бар,
Кемтар, сорлы бала бар.
Аяқ, көзі, қолы жоқ
Күн көріп жүр адамдар.
Сөйлеспейсің,тілдесіп,
Жер бассаң да бірлесіп.
Күреседі өлгенше-Ол
Қайыр сұрап, күн кешіп.
Ашып, шолақ аяғын,
Жалынады баяғы үн.
Алақанын ашқанға
Қос қолымды жаямын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қала көшесінде өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Қала көшесінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қала көшесінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қала көшесінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар