Алып қалдың ағайын бір өлімнен
Бұл бетте «Алып қалдың ағайын бір өлімнен» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алып қалдың ағайын бір өлімнен,
Маған деген мөп-мөлдір тілегіңмен.
Біреулерің көз жасты бұлап жүріп,
Ал біреуің дәр-дәрмек сұрап жүріп.
Жігіт едім қайтпайтын қабан жүрек,
Жағаластым өмірге табан тіреп.
Келіспей жүр бірақ та соңғы кезде,
Тіледі ме бір шіркін жаман тілек?..
Ауру басып еңсемді жүдегенмен,
Құдай жар боп шым-шымдап түледім мен.
Тек сіздердің ақадал тілектерің
Алып қалды, ағайын, бір өлімнен.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі