Жағасында Мұрғабтың – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Жағасында Мұрғабтың» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 673
Жетім тал, бұтақтары суға сулап,
Мұрғабтың жағасында тұрған жылап.
Түрікменнің сол бip жасыл аяулысын
Аймалап жатты жақын құм да құлап.
Таң атса жапырағы сілкінетін,
Мөлдір шық көз жасындай сүртілетін.
Құрғатып құдықтарды күннің өpтi,
Сорлы жұрт сол шұңқырда түртінетін.
Қанаты күйген бүркіт қыр қонады,
Шал басын сеңсең бөpiк қорғамады.
Он ғасыр осы аңызақ аптаса да
Бишара қыздың көзi құрғамады.
Түнде бip төте жолмен астым белес,
Ақының машинада қалғыр емес,
Әсем қыз күлкі, сыбыр, көзімен де
Береді әлсін-әлсін маған елес.
Көзіме баяғы тал тағы ілікті,
Шық моншақ бұрымына тағылыпты.
Мұрғабтың жағасында кеше мұңлы
Eкeyi eндi ұмытқан тағылықты.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері