Баршынға барар жолда – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Баршынға барар жолда» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 792
Қарт ақын Мұқан Сабиті
Әшекей таудың басында,
Әлдилеп өлең-сәбиді,
Қарайды сонау Баршынға.
Қарайды оты маздаған Жайлауға —
жазық Баршынға.
Ақынның әлі жазбаған
Дастаны сонда барсың ба?..
Қарт ақын жазар дастаны
Онда бip аппақ жарсың ба?..
Бағалап болған басқаны
Әлде бip кәpi жансың ба?..
Әлде бip бала қойшының
Жүрегін ұрлап жүрсің бе?..
Әлде бip асқан ойшының
Арманы қалған жерсің бе?..
Аяулы ақын көзіндей
Оңаша мөлдір көлсің бе?..
Сәулесі өткip сезімдей
Сонау от сенің көршің бе?..
Болжаман оны бұ жақтан,
Баршынға жеткіз, Баршынға.
Іздеген жанға ұзақтан
Данышпан өлең, барсың ба?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баршынға барар жолда өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Баршынға барар жолда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баршынға барар жолда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баршынға барар жолда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері