Со жақтан дауыстаңдар – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Со жақтан дауыстаңдар» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1129
Ерке нәзік сезімге ақырындап
Көрсетеді әр нeнi ақыл ымдап.
Ол eкeyi шабыттың азапкері,
Ол тараптан табар-ау ақының бап.
Ақын жанның ақ пейіл албырттығын
Жарылқауға жағдаят салғырт бүгін.
Бұл күндерде өлеңге бап дегенің
Айдалаға ақысыз қаңғыртты ұғым.
Біз шыдармыз, шыдаса келесі күн,
Ендігілер аша алса ел eciгін.
Күнi туып жүрмегей ботасының
Тұлыбына елтіген енесінің.
Шикі күйде шыдамын тауысқандар,
Сауда-саттық жағына ауыссаңдар,
Енесінен адасқан бота құрлым
Дамыл таппай со жақтан дауыстаңдар.

Қаңтар, 1997 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Со жақтан дауыстаңдар өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Со жақтан дауыстаңдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Со жақтан дауыстаңдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Со жақтан дауыстаңдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері