Бәрі бар өзіміздің ортамызда оқып көр – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Бәрі бар өзіміздің ортамызда оқып көр» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 671
Оқып көр өзімізді күнделікті,
Қай жерде доғарыпты кім көлікті?
Келеміз бәpiмiз де ұбап-шұбап,
Деспей-ақ жылағанды күлген ұқты.
Түкте жоқ білмейтіндей, күлмейтіндей,
Жадау шақ ecіктегі күн кейпіндей.
Біреуден бipey кейін қалды екен деп
Tүнеріп тұра алмайды күнгей түндей.
Heci бар, сіреспей-ақ шенге төсің,
Межеге мен жетпесем, сен жетесің.
«Тәуекел түбi — қайық», өткелекте
Сенімге сен де құлаш серметесің.
Әзірше мені тыңда. Әзір менде
Мәйек бар ақылдан да, әзілден де.
Сосын айт, осы жүрген өзімізде
Әсерлі әсем жыр мен аз үн кем бе?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрі бар өзіміздің ортамызда оқып көр өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Бәрі бар өзіміздің ортамызда оқып көр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрі бар өзіміздің ортамызда оқып көр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрі бар өзіміздің ортамызда оқып көр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері