Алматы-ақындар қаласы – Бауыржан Халиолла

Бұл бетте «Алматы-ақындар қаласы» атты Бауыржан Халиолла жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.12.2015
  • 0
  • 0
  • 5560
Ешқайсына болмағасын еш құным,
Көше кезіп келем жаяу кешқұрым.
Қасқыр шауып, енесінен айырған,
Қасқа құлын секілденіп кескінім.
Алматы осы даңғазадан қалмаған,
Заманбек пен Алтынбекті жалмаған.
Алатау тұр өп-өтірік жынды боп,
Өтежанның мінезінен аумаған.
Аруағы небір жайсаң, асылдың,
Қойнауына жасырынған ғасырдың.
Ізін іздеп әуре болам кешегі,
Мұқағали, Төлеген мен Қасымның.
Оралдықтың кім береді бағасын,
Беріп жатса амалсыздан аласың.
Қай қуыстан шығар екен қылтиып,
Қайыры жоқ Қадыр деген нағашым.
Қандай ыстық ұлылардың мекені,
Бұлданғанда бұдырайған шекелі.
Жылтыраған сарайлар мен кеңселер,
Есенғали көкем құсап кетеді.
Не ғажайып хикая бар бұл маңда,
Жеткізбейтін қашқан менен қуғанға.
Жазушылар одағы тұр жұмбақтау,
Басын шайқап Мереке мен Нұрланға.
Ұлы шаһар ұрлағандай ұйқымды,
Әуелеген әуендері сыйқырлы.
Есалаңдау Есенин жоқ болғанмен,
Есенқұлдай жиені бар сүйкімді.
...Тынықпасам тарылады тынысым,
Елге кетем, бүйткен тірлік құрысын.
Бата оқыдым Оразалы басында,
Күні бойғы бітірген бар жұмысым.
Қош Алматы, жүрем сені сағына,
Ғашық болып өзеніңе, тауыңа.
Тұманбайдай сәби қала болсаң ғой,
Бір-екі күн қалар едім тағы да.
Соқпақбаевты асып қойған дар ағаш,
Дар ағаштан жанарыңды ала қаш.
...Жүрсін ағам да телефонын алмайды.
Қай саунада отыр екен жалаңаш.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматы-ақындар қаласы өлеңінің авторы кім?

Бауыржан Халиолла — осы өлеңнің авторы.

Алматы-ақындар қаласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматы-ақындар қаласы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бауыржан Халиолла өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматы-ақындар қаласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері