Дарқан дария

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 828
Һәмәнда күні аптап ыстық,
Шексіз аспаны бipep құстық
Мары шаһары ойымда;
Байрамалы бойында
Epнiм оттай желін өпкен,
Эскадроным желіп өткен
Жер еді-ау бұл.
Қайтпаған қария көне серттен
Солтан-Санжарға көк есекпен
Келіп оқитын аятын,
«Жаңбыр!» — деп қолын жаятын;
Үлкен жиын жасап, тіпті
Тауысып етін тасаттықтың
Жер еді ауыл.
Қайтадан келсем ақын болып,
Көрсем сол маңды көзбен шолып,
Құс жолындай боз тұман.
Ойға кетем, аз тұнам.
Канал — белбеу; қиял оған
Сонау бұлттай ұялаған
Бip ғажайып.
Таң атса сонда құс базары,
Күннің де суға түстi ажары.
Тұман бойы тоғандар.
Біздің түрікмен туғандар
Түгел жинап қария, жасын,
Жатыр екен дария басын
Қырға жайып.
Дарқан бip жаңа дария тасып,
Ашхабаттан кетті Атырау асып.
Қара құмды қақ, жарған
Kүмic жалды ақ жорғам,
Алып қашып жөнелгендей,
Яки ақын кенелгендей
Илһәмына.
Мұңсыз шалқы, дарқан дария,
Ел қамына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дарқан дария өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Дарқан дария өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Дарқан дария өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дарқан дария өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері