Фабрикада туған ой – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Фабрикада туған ой» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 696
Көзайым мұнда қыздар кілең
Жаумыт, теке, торқа кілем
Тоқиды екен әрқашан.
Сұлулық пен apғa шаң
Тигізбейтін нәзік саусақ,
Сен ешқашан азып-қаусап
Қартаймассың!
Әсем қыз шапшаң түйген түйін,
Сергек күзетіп адам үйін
Ұрпаққа кетер әулеттен.
Қол жеткенше әуре еткен,
Арман «Толмақ антым!» — десе,
Өмip нәрлі алтын кесе,
Ортаймассың!
Махаббат атты жүрек сөзін,
Дарқан мезгілдің құдды өзін
Сөйлеткен кілем бетінде,
Түркімен қызы бертінде.
Miнe, осы еш өлмейтін,
Әсте жерге төселмейтін
Кілем-дастан.
Бip сәтте туған жұлдыз өрнек,
Heшe замандар жоғары өрлеп.
Барар бәлкім Шолпанға.
Кілем ұшқан сол таңға
Кезім айғақ болармысың?!
Көрсем деген жол арғысын
Ұл ем бастан.
...Қыз қолынан қиял самғат,
Кілем-дастан!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері