Ағзам тәжік аузынан
Бұл бетте «Ағзам тәжік аузынан» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
— Бағы-бағы замандардан бар Вахш,
Пан.тәкаппар Памир тауды барлағыш.
Сан мезгілдің соған салған қолқасы:
«Етектегі ерке гүлді бар да құш!»
Вахш талай қысты таудан құлатты,
Жауыр жаздың жотасына тоң артты.
Көк тастарды көбелектей ұшырып,
Топан суға бау-бақшаны тонатты.
Түні ұйқыдан адам cepгiп болғанша,
Қышлақты да ұрлап кеткен ол қанша?!
Күллісін-ақ айтар еді-ау күңіреніп,
Kәpi куә — мүкті шатқал толғанса!..
Ecкіредi деп, ол тарихты жүректе
Ендігінің сақтамауы керек пе?..
Ағзам атты жас тажіктің cөзi бұл
Қазақтарға қауын тілген Нүректе.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі