Тарғыл шыңды табалау
Бұл бетте «Тарғыл шыңды табалау» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Kәpi шатқал! Сен де өзіңше қызық ең...
Бұлт үстінде зор кемедей жүзіп ең:
Жан көзінен жасырып ең басыңды
Күллі дәyip күн мен желі мүжіген.
Саған мағлұм арғы шен де бepгi шен, —
Бiз білмейтін талай тарих белгісі ең.
Сонау жатқан үңгірлі де аңғарлы
Терең сайға жығыласың енді сен!
Бұрын-соңды өтпеген соң бұлай сын,
Бip-ақ рет күрсінесің —
құлайсың!
Сонда алғаш та, соңғы рет те айтарың:
— Мен білмеппін! Адам! Өзің құдайсың!
Асу бермей орайын мен бөгенің,
Ертеде сен талай жолды бөгедің:
Өз қойныңнан тас лақтырып адамға,
Өлген жанға еңкейген де жоқ едің.
Өмірің, бойың әpi биік, әpi ұзын
Аяқталды! Тыңдалмайды арызың!..
Асқар биік адамзаттың талабын
Аяқасты жатып өтеу парызың!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі