Жоғарыға жол кетті – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Жоғарыға жол кетті» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 825
Қайта бip сәт көтерілмей кезеңге,
Құздан қулау дағды емес пе өзенге...
Айғай-шулы дария тасып төменнен,
Өрлеп әсте барған емес өзi елге.
Вахш мәңгі сол сапарын доғарып,
Нүрек тауда жолға шықты жоғары.
Аян оның ақ жалынды жүрегі
Әлсіремей, адам үшін соғары!..
Өтеу бұ да өткен заман шеріне,
Қан-сөліне, қайран маңдай теріңe! —
Hұp тарайды Нүрек ГЭС-тен осынау
Орта Азия жұрттарының жеріне.
Нурек ГЭС-те беріспейді айға күн,
Алып қимыл анық соған айғағым.
Білсең, бұ да бақ жұлдызға бөлейді,
Біздің түстік Қазақстан аймағын.
Одан алтын шапақ кетер аспандап,
Ертең саусақ бip нүктені басқанда-ақ.
Бұл күндерде жасап жатыр Вахш та
Жоғарыдан жоғарыға баспалдақ!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері