Бұл бетте «Алтыбақан» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Желпі самал, жазғы самал мақпалдай,
Жастық шағым жарық жұлдыз жаққандай.
Қала алмайды алтыбақан, айлы түн
Менің мәңгі жүрегімде сақталмай.
Тентек дәурен жалынды,
Тербете тер жанымды!
Самал керек жас жанға,
Самғата бер аспанға!
Ақ қанатты арманымды осы әнмен
Арғы тұнық аспанға да қосам мен.
Асыл жанның махаббаты маған деп
Келер күннің кең құшағын тосам мен.
Тентек дәурен жалынды,
Тербете гөр жанымды!
Самал керек жас жанға,
Самғата бер аспанға!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі