Мойнақтағы таң – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Мойнақтағы таң» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 590
Таң сәріден тұрып мен
Ояна кетсем — бес жарым.
Қайда кеткен түркімен,
Қырғыз, өзбек достарым?!
Ақындар жатқан ақ мамық,
Төсектер түнгі бос қалған;
Жемісті балғын бақ тамып,
Базары құстың басталған.
Арал теңіз, Мойнақта
Ақындар түннен оянған.
Толқыны жатқан ойнақтап,
Теңізден терең ой алған.
Жағада, менің көзімше,
Шабыттан тілеп рақым,
Бет-бетімен өзінше
Сенделіп жүрген бip ақын.
Әркім-ақ ана тілінде
Күбірлеп, жырға толғатқан.
Өмірдің арқау, тілінде
Бip күш бар бізгe тіл қатқан...
Ол сонау арғы шағала
Шаңқылдап жатқан аулақта,
Адамның қолы бағана
Азаннан тартқан ау жақта.
Сол еңбек абзал ақынды
Ұрлағыш түнгі төсектен.
Тірліктен алар ақымды
Сиқырлы сөзбен дос еткен!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері