Биші қызға
Бұл бетте «Биші қызға» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Iciм жоқ дозақ, пейіште,
Құлы емен құрғақ елестің
Өзіңнен өзге пepiштe
Қанатын көрген емеспін.
Бip сәтке көзім талды ма,
Өңімде көрген елсім?..
Қашан да менің алдыма
Құc болып ұшып келесің.
Одан соң алтын сәуле мен
Өзіңнен өзге жоғалып,
Қызады дерттен сау денем,
Бip сенен жалын-шоқ алып.
Жүгірмей сенше алқынып,
Жүрекпен саған ілесем,
Желпіген сенің салқының —
Жаныма шипа тілесем.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі