Көңілде бөтендік жоқ

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 530
«Көңілде бөтендік жоқ,» —
Дейтұғын көне сөзден
Мың артық көздегі шоқ,
Ыстығын дене сезген.
Ауызша ақталмай-ақ
Қойсаң да,
Адам бүгін
Сыйлайды, жаттан аяп,
Жаныңның адалдығын.
Әр жерде қимылың мен
Сырың бар сыртқа шығар.
Күй кiciлiк, құй мiнiң бе,—
Сол — ыдыс, тұтқасы бар...
Содан сен не тамшылап,
Не лықсу — тeгi, үлесің; —
Әйтеуір, адамшылап,
Бipeyге төгілесің.
Соның-ақ iштегіңді
Сенсіз де айтар маған.
(Уф деген еш демімді
өзiм де қайта алмағам...)
Сыртымнан жауып жала,
Көзге «Бip өлсек!..» — деме,
Сен өйтіп, маған бола,
Өзіңдi бөлшектеме.
Көңілден көзді бөлсең,
Шырағың жалған жанса,
Сол саған анық өлшем,
Eкeyi жалғанғанша...
«Көңілде бөтендік жоқ» —
Демей-ақ, ақталмай-ақ,
Сыйлайтынын — көздегі шоқ.
Қарадан, ақтан да аяп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілде бөтендік жоқ өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Көңілде бөтендік жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көңілде бөтендік жоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілде бөтендік жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері