Хафизге – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Хафизге» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Қайран Хафиз! Қайтып саған тең келем?
Мынау неткен сандырақ!
Ұшқыр қайық шырқар құстай желменен,
Айдын жарып жарқырап.
Желкен шалқып, жүйткір әрі қасқайып,
Батыл қайық, бас қайық.
Ол шегінбес сұрапылдан жасқанып,
Өрге жүзер қасқайып.
Сенің жырың кейде өзендей ағынды,
Сусын берер қандырып,
От толқындай кейде шашар жалынды,
Жүрегімді жандырып.
Жайнашы таң, құдіретті пішінде
Медет берші маған да,
Елестейді жарқын өлке, түсімде
Құмармын сол ғаламға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хафизге өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Хафизге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хафизге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хафизге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері