Көңілде бөтендік жоқ – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Көңілде бөтендік жоқ» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 621
«Көңілде бөтендік жоқ,» —
Дейтұғын көне сөзден
Мың артық көздегі шоқ,
Ыстығын дене сезген.
Ауызша ақталмай-ақ
Қойсаң да,
Адам бүгін
Сыйлайды, жаттан аяп,
Жаныңның адалдығын.
Әр жерде қимылың мен
Сырың бар сыртқа шығар.
Күй кiciлiк, құй мiнiң бе,—
Сол — ыдыс, тұтқасы бар...
Содан сен не тамшылап,
Не лықсу — тeгi, үлесің; —
Әйтеуір, адамшылап,
Бipeyге төгілесің.
Соның-ақ iштегіңді
Сенсіз де айтар маған.
(Уф деген еш демімді
өзiм де қайта алмағам...)
Сыртымнан жауып жала,
Көзге «Бip өлсек!..» — деме,
Сен өйтіп, маған бола,
Өзіңдi бөлшектеме.
Көңілден көзді бөлсең,
Шырағың жалған жанса,
Сол саған анық өлшем,
Eкeyi жалғанғанша...
«Көңілде бөтендік жоқ» —
Демей-ақ, ақталмай-ақ,
Сыйлайтынын — көздегі шоқ.
Қарадан, ақтан да аяп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері