Бұл бетте «Құрдасыма» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Әзіл-шыны аралас)
Қартайдық деп қамықпашы, құрдасым!
Қарттық деген қаңбақ емес, қорғасын.
Аламанға ат қосарда дүйім жұрт,
Өзің билеп отырасың қыр басын.
Сол секілді бар жиынның төpiн сен
Өзің ұстап, көпке тұлға көрінсең,
Ағыл-тегіл шақырмай ма, тәйіpi ,
Жаңбырдан соң жан-жағынан көлің сел?!.
Атан сенің аппақ қардай сақалдан
Алпыс батпан салмақ тауып сақарған.
Ұлғайғанда мастанбайсың ұтысқа,
Жас баладай кеней бepiп, сақа алған.
Шаршамайық шалдар десе біздi әркім,
Қосындысы бiз жалын мен ызғардың;
Ата болмақ бip арманы жігіттің,
Keмпip деген келешегі қыздардың.
Жеттік білдік мезгіл атты жеделді:
Бiз — бip кесе айқыш-ұйқыш бедерлі
Салдыр-күлдір сынғанымыз сол болар
Қартайғанда қалжыратсақ беделді.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі