Жаңа жылға – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Жаңа жылға» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1621
Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Не әкелдің сен бiзгe?
Бау-бақшаң толған гүл,
Төлдерің семіз бе?
Бауырсақ, балмұздақ,
Кәмпитке молсың ба?
Бiздi алға барғызбақ
Сен жаңа жолсың ба?
Жаңадан көп түрлі
Машина бергейсің,
Жаңадан көк сырлы
Үйлерге кіргейсің.
Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Жаңалық ізде сен!
Жаңа ән, жаңа жыр
Жазып бер бiзгe сен!
Жаңа жыл! Даналар
Туғанын көргейсің, —
Жасасын аналар,
Сәбилер көбейсін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері