Жанарымда жұмыр жер – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Жанарымда жұмыр жер» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1044
Тірлік — қымыз,
жұтқан сайын ciмip дер,
Ей, бал қымыз, беймазаңа ғұмыр бер!
Тыныштықтың адамында тыным жоқ:
Жатыр оның жанарында жұмыр жер.
Жұмыр жерден бақ пен сордың күресін
Жанарыңа жинап алып көpeciң:
«Не себепті берілген, — деп ойлайсың, —
Баршамызға Адам деген бip eciм».
Қызғанасың жұмыр жерді бұзықтан,
Жұмыр жерді жұтатуға қызыққан.
Жанарымда Жер тұрса деп жаннаттай,
Жанды қинау —
өмip заңы бiз ұққан!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері