Еске түссе ертегі – Бауыржан Халиолла

Бұл бетте «Еске түссе ертегі» атты Бауыржан Халиолла жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3380
Сені,жаным, сүйем деуші ем мәңгілік,
Күн батқанда, атқан шақта таң күліп.
Айқайласам қайталайтын атыңды,
Алатауды жарып шығып жаңғырық.
Енді бүгін ғашықтықтан жалығам,
Құлан құсап жеріп жүрген қағынан.
Өкінбеймін...өкінбеймін мен қайта,
Жынды қылған жылдарымды сағынам.
Бірге болу еді бізге басты арман,
Жібіткенсің жүрегімді тас болған.
Еміренген екеумізден ұялып,
Қанша жұлдыз ағып түсті аспаннан.
Жұлынымыз кететіндей жұлынып,
Ағыл-тегіл өксіп, іштей ұлыдық.
Ақ жүзіңді аймалайтын құнығып.
Айдың өзі иығыңа қонақтап,
Содан Тағдыр қойды кенет қырсығып,
Жолымызды бөгей берді тіршілік.
Қалып қойды кінәсі жоқ махаббат,
Қара түннің қойынында тұншығып.
Ей, шырағым, мен де жүргем төс қағып,
Аһ ұрғанмен бақытымнан кеш қалып.
Алматыға бару оңай деймісің,
Ерте... Ерте... Ертегіні еске алып


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еске түссе ертегі өлеңінің авторы кім?

Бауыржан Халиолла — осы өлеңнің авторы.

Еске түссе ертегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еске түссе ертегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бауыржан Халиолла өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еске түссе ертегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері