Бұл бетте «Көгалдан ұшты қоңыр қаз» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
17.09.2021
0
0
979
Көгалдан ұшты қоңыр қаз,
Көкорай шақты төске алып.
Сыбаға алда – өмір жаз,
Өкінтер ме екен кеш қалып?!
Тақ қылып кеткен жұптарды,
Бағынтар дейсің қай ырық?!
Барады қара бұлттарды
Қанатыменен қайырып.
Құла түз жатыр ойланбай,
Шалғынды батпақ жолай сыз.
Жерұйық мекен жай болмай,
Қонатын жер де қолайсыз.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі