Қуандыққа

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 833
Ұранға — «Шаңғытбаев жасасынға»
Ұрынып қалармын деп қашасың ба?
Әйтеуір, дәрежесіз, дәнеңесіз
Келесің таудай өнер тасасында.
Біз болсақ, елтіп бүкіл тән, санамыз,
Оңаша өнеріңе тамсанамыз.
Артынша ceнi ұмытып, атақ-даңқтан
Таласып бip тамшы да тамса аламыз.
Бұлбұлдың баға жетпес үш айтылмай
Жатса да Қуанға сол ұнайтындай.
Әрине, берешегін береді рас
Ресми құжатсыз-ақ құдай тынбай.
Әлгіні қос көре ме бipaқ құдай,
Пендесі бұл фәниде тұрақтыдай?..
Қайтейін бip күн билік бұйырмаса
Кеудеме кептеймін де сұрақты ұдай...
Әрине, әзіл бұ да той үстінде,
Ноқатсыз не істемедік нойыс күнде?!
Қуан-ау, бip шындықты бiзгe ақыры
Мойындату жағына ойыстым де...
Жатса да әзip түгел шын айтылмай,
Шүкір, мол қасиет сенде шыдайтындай.
Төбеңнен, төгер әлі шапағатында
Ресми құжатсыз-ақ қудай тынбай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуандыққа өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Қуандыққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қуандыққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуандыққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері