Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар аға

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 765
Мұхтар Омарханұлы хақындағы естелігім мен Ғазиза Жұбанованың ораториясына жазылған сөздерім өз тараптарынан проза тілінде оқылып, музыкамен жұптаса құлақтан құлақтарға көшіп келедi.

Ал мынау төрт өлеңнің ici 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында өз қолына табыс етілсе, eкіншici — қазасын тұтқан элегия. Үшіншi өлең оның 75 жылдығына, соңғысы осы жолғы 100 жылдығына бағышталды. Алғашқы үшeyi үш томдық жырларымның біріншi, екіншi кітаптарынан алынды. Ендi ғана жазылған төpтіншi сөз баспаға өткізігелі отырған жаңа өлеңдерімнің жинағына eнгізілдi.

Cөйтіп, соңғы қырық, жылдың, әр кезінде Мұхаң туралы жазғандарым өзінше тұтас бip топтама жырлар басын құрастырды.

ТАЛАНТ ТУРАЛЫ ЖЫР
1
Біз жағымпаз емеспіз жаттандырақ,
Тарттық ecкi оданы жақтан бір-ақ!
Мақтанарың тұрмаса жүрегіңде,
Жының бар ма жырыңды жоқтан құрап.
Ал, мінекей, қараңдар маған бүгін:
Арқаласып келдім мен ағам жүгін.
Атқа қонса қолым бар қолтығында,
Соным үшін кемітер бағамды кім?!
Алданбаған болмашы аз ұғымға
Уақыт ұлын сүйсем мен жазығым ба?!
Ол паш бүгін Үндістан, Арабстан,
Аптап ыстық Африка жазығында.
Мұхтар аға!
Тау-тасты ceлiң бұза
Мол шалқыды;
Жұртын көп сенің ырза.
Азат жерде бірісің нағыз жолдас,
Сонау жұрттар тілінде — cepi, мырза.
Мазмұныңды қалған жоқ жан ұғынбай;
Tiк шырқадың жел-құзды жарып ыңғай.
Алыс-жақын досыңа тарттың ыстық
Бес тармақты жұлдыздың жарығындай.
Атақ-даңққа, әлдебір ысқырыққа
Қарамай-ақ келдің сен пысқырып та:
Адам өзін өмірде азырқанбақ
Біздегі салт, біздегі іс-ғұрыпта.
Көзбен көрер жүз яки тоқсан жылың
Солмайтұғын өңірге тақсаң гүлің.
Одан дағы әріде самғарың бар,
Еш кінәciз жастық шақ — тақ сол күнің.
Ақын әлі маңымай жатыр оған,
Бұлтсыз күндей жаны бар жарқын ағам!
Ұласа бер алдағы мақсатыңа
Маңдайыңдай өзінің жарқыраған.
1957 жыл

ӨЛМЕС ЖАННЫҢ ӨЗIHE ҰҚСАП БАҒАМ
2
Болдым-ақ па қирағыш көне шыны,
Қайда тентек Хамиттың өр eciмi?
Жұтап қалды-ау жүрегім!
Ақыныңа
Ажал бүгін көpceттi көpeciнi.
Рас, ертең демеспін «өлемін мен»,
Бipгe тастап кеткен соң ол еліммен.
Айтпан бipaқ мұнсыз күн кешемін деп,
Мұхтары жоқ қу жетім өлеңіммен.
Бүгін менде ceci жоқ жеңген ердің,
Жоқтауына үн қосам жеңгелердің.
Көкіректен сұм ажал жұлып алған
Жүрегімнің үлкенін жерге бердім.
Қан ipкiлді тамырда, қан ырғалды,
Қан қайнады, күйретті қабырғамды.
Менің данышпанымды меншігіне
Қараңғылап алды да, қaбip қалды.
Уау, мен не деп барамын?
Жаңылдым ба,
Қара жалау қанатын жамылдым да,
Бұрынғыдай дүниені өi шарлап,
Алар eндi денесі дамыл мұнда.
Бұрынғыдай сақтар ол парасатын,
Рақым қылып адамға қарасатын.
Өліміңді қайтсін ол, ұлы перзент
Ғасырлардан ғасырға әpi асатын.
Ол еді ғой ең жарқын мақсатты ағам,
Махаббатын жұртына нық сақтаған.
Кipпiгiмe мағынасыз жас ipiкпeй,
Өлмес жанның өзінe ұқсап бағам.
1961 жыл

ӘУЕЗОВПЕН ӘҢГІМЕ
3
Мұхтар аға! Сен ұйқыға кеткелі
Туған далаң неше дүркін көктеді.
Күнде көктем саған гүлін сыйлады:
Көктем күні осыншалық көп пе eдi?!.
Жоқ, көктемнің көбейген жоқ күндepi,
Келген де жоқ қашықтағы күн бepi:
Жазғытұрғы күн сипатты бұл елдің
Сағынбады дейсің ceнi кімдepi?!
Жылы, жарық терезеге гүл еккен
Жүректен ол!.. Ceнi сүйген жүректен!..
Сен едің ғой сол жүректің соғуын
Шабыттана шапағатты жыр еткен!
Айт санаймыз ceнiң туған күніңді
Төрге жинап төрт-бес үлкен ініңді.
Осыншалық сағындық қой біз ceнi,
Сағындық қой қимылыңды, үніңді!
Дариядай ақылың мен кеңесің
Бастаушы еді-ау жырдың керуен кемесін
Қозға тағы әңгімені, бүгін жұрт
Ұлы Мұхтар ұйықтап жатыр демесін!..
Татқыз жұртқа дала дәмін, тау дәмін,
Мизамдағы тамылжыған бау дәмін.
Тойға келген қонағына аралат
Әуезовтың астаналық ауданын!
Ескірмейтін eciмiңдi анықтар
Сан көшені мекендейді халықтар.
Сен соны көр!.. Қонағыңды сен аттас
Ғұламалар ордасына алып бар.
Ауылға апар; көрсең бүгін той ауылы
Бұрынғыдай жаңа, жарқын бояулы.
Қыстауыңнан Жидебайға барғанда
Гүл шоғын қой Абайыңа аяулы.
Қонағына сыйымыз бар, сый десең,
О бастан-ақ салтанатпен үйлес ең.
Бұл жолы да өз атыңмен аталған
Мәртебелі театрда сөйле сен!
Сөйле мынау өзің сүйген өмipгe!
Сен сөйлейтін сарайларда кең ipгe.
Teбірентіп таста терең тарихтан
Шеру тартып бүгін өскен өңipгe!
Сен әкелген қаһармандар қаз-қатар
Шам ұстаса шығыс түнін маздатар!
Күндіз солар бip-бip мәуе бақ тұтса,
Туған жерде жаннат болып жаз жатар!..
Қаһармандар көңілдері хош бүгін,
Ол жандарды қасиетті қосты ұғым,
Той үстінде біз солардан көреміз
Жанның таза сұлулығын, достығын!
Ceнің мұраң ағыл-тегіл берекем,
Мерейлі ғой, ағатайым, мерекең!
Баяғаша Сіздің үйде бүгін де
Жыршылардың бip айтқышы мен екем..
Өлең-жырды сарқып төгіп бос қалам,
Қайта толып, қайтадан мен басталам.
Неше дүркін көтерсем де бокалды,
Шарап емес, мақтанышқа мас болам!
Мен де шығам айтыс, әзіл, шалысқа,
Достарыммен жүйрік, жорға салысқа.
Аса бepciн думан тойдың дүбірі
Өзің шыққан асқар таудан алысқа!
1972 жыл

MҰXTAP КІМ?.. БІЗ KIM?
4
Әз әулие хақында сөз еткенде
Өртенбей басылмау шарт өжет пенде.
Дарға-ай, дарқан еді-ау, Хама, сені
Соңынан балапандай өзі ерткенде?!
Жыр арнап, тірісінде құшақтаттың,
Бетіңнен сүйгізіп те ұсақтаттың.
Өкірді ол өлгенде элегияң,
Ұстазға iciн icтeп iшi аппақтың.
Kөп көpiп, аз үйрендім десең бекер
Көргеннен алынбаған есең кетер.
Tiк сөйлеп ол хақында бұрқанбасаң
Боз сексен арыныңды бәсеңдетер.
Kiм eдi ол?
Жаңа түсіп күйіп қалған,
Күйігі тар қапаста тұйықталған.
Fұмырдың ғұламалық, салмағынан
Жаншылып жаман жылда иық талған.
Әулекі әулиені сабағанды
Kiм көpiп, содан қандай сабақ алды?
Құдайдың құлағынан ұялам мен
Атауға иттен бетер қабағанды.
Айтаққа үрген иттер үнi өшкенде
Сөз бердік содан олжа үлескенге,
Олар да айтқансыды түзік лепес
Түбіттей түптесін деп ұл өскенде.
Артынша ашып қайта кәpi жікті,
Мұхтарды бepi тартып, әpi жықты.
Әлі де құпиясына құрсағы тоқ
Буаздай сол күндердің бәpi жүкті.
Ол буаз босанбаса босанбасын,
Ризамыз шындық өрге баса алғасын.
Мұхтарды жат жұрт бізгe жақын етті
Осыны айтпай оңбас осал басым.
Сенсем де қазекемнің ақтығына,
Өз соры өз басына тақты кінә.
Ceнімім әлі жоқтай кей мырзаға
Алмайтын қас күнәдан пәкті ұғына.
Мұхтар кім? Оған кімнің шені теңес?
Байқа, ол менікі емес, сенікі емес.
Ол шаһбаз барша ғалам бahaдүpi,
Жаһаннан жаратылған cepi кеңес.
Енді оны жамандап жақ аша алмайсың,
Қожамсып қолдан қайта жасалмайсың.
Жау күшi мендік қана — мен сескенем
Бағамдап, мықты қайсың, осал қайсың.
Бұл cөздi тым ұшқары ұғынбағын,
Байқа сен, мен де Мұхтар ығындамын.
Сүймеген өзін бекер ұсақтатып
Бетім бар! Қайтпақ емес бүгін бағым.
Уа, қайран әзіз Мұха! Ұлылықтан
Зарым деп заман сендей ұлын ұққан, —
Адамзат қарымтасын қайтарыстың
Тағдырмен оқыс ойнап, зұлым ұтқан!!!
1997 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тың жерде жас бір ақын

  • 0
  • 0

Тың жерде жас бip ақын,
(Ол өзінше ipi ақын);
Тақырыбы қыз дейді,
Соны ғана іздейді

Толық

Душанбе

  • 0
  • 0

Жан Душанбе! Көп сырдың жатағысың,
Былтыр келсем, бip тәжік ата кici:
— Қарт әжедей қасиетті қышлақ, — деді,
Келген оның тап солай атағысы.

Толық

Қызғанамын

  • 0
  • 0

Үлкен ақын рухына бағышталған
Сол жиыннан адам аз қағыс қалған.
Үлкен өзен жатқандай жағалауға
Салындыны атқылап ағыстардан.

Толық

Қарап көріңіз