Бөркіме көзім түскенде

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 621
Иа, алдымен бөріктімін,
Сосын көне көріктімін.
Бөріктіде көне сыртын
Кім өзіне көріпті мін?!
Жолға,
Қиын өткeлi мың,
Дей алмаспын өкпeлiмiн.
Шикі күнде өзiм қойған
Күйіп-пісті өртке мінім.
Miнсізбін деп мақтанбасқа
Амал таптым бақтан басқа.
Азап-сордың тік мінезін
Тілемедім хақтан босқа.
Tiк мінездің албырттығын
Құптасам да салғырт бүгін,
Мәймөңкесіз айтып берген
Өз халқымның сол жұрттығын.
Жалпақшешей мәймөңкедей
Күн кешпеген бай мен кедей,
Keciп айтып, кең табысқан
Дарқан жатқан жайлы өлкедей.
Тура билер тіктескенде
Жақын-жаттық, тіптi естен де
Шығып кеткен. Ондай бекті
Бекер көзге түртпес пенде.
Бітіспейтін билікке мен
Би болмай-ақ шүйліккен ем.
...Атты алдына салмаған ғой
Жүлдесіз де жүйрік дөнен...
Азап менің азығымдай,
Қайғым бepiк қазығымдай
Бола жүріп, қалғандаймын
Албырт шақты аз ұғынбай.
Мен алыппын, ол бepiптi,
Үлкейтіп те үлгеріпті.
Басыма парыз баса кимек
Ол тіктірген бұл бөpiктi...

Желтоқсан, 1996 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөркіме көзім түскенде өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Бөркіме көзім түскенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бөркіме көзім түскенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөркіме көзім түскенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері