Сирек құбылыс

Бұл бетте «Сирек құбылыс» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 806
Қаны бар ipiлiктeн іріктелген
Заңғардың заты қазақ — түріктерден,
Парызы — ел ықыласын жаулап алып,
Eciккe тағзым етпек тұрып төрден.
Осы бip ән ағзамға құл жүректі
Кем дерсің қай тақсырдан құдіретті?!
Иа, солай Ермек cepi Серкебаев
Құдайдың аманатын құзыр етті.
Ақ, қара, сары нәсіл оған бүгін
Әспеттеп артып қойды қоғам жүгін.
Ел-елде Ермектей үн некен-саяқ,
Ей, қазақ, жүгінсең тек соған жүгін.
Сен көкке көтергенде осындайды
Жан-тәнін жаялық қып досың жайды.
Осындай дербес демің арқасында.
Еңсеңді езе алмаған тосын қайғы.
...Ермекжан, ерке cepi замандасым,
Пайда да бip басыңа залал да сын.
Әрине дұшпаныңа ұнамайсың
Ол күткен олжаны сен ала алғасың.
Алдамшы бақтан бөлек жаратылған
Дауысын жер мен көкте дара тұнған.
Сен де бip құбылыссың!..
Керек жерде
Сендей жан ажалға да ара тұрған.
Кеудеңнен күн қаһарлы күркіреген,
Жалт ойнап, жасын нұры cipкipeгeн.
Алланың сыйлығы сол,
көмекейде
Басқадан басқашалау сыр түлеген.
Байқа тек! Сақтан, шырақ, ібілістен,
Ібіліс бақас сирек құбылыспен,
Қалсаң да жазатайым жансақ аттап,
Таппақ ол қысастықтың қыбын icтeн.
...Ciз бен біз қартаймаймыз, ұлғаямыз,
Ұрпақтар iciмiздi қылғай аңыз.
Иншалла деп айтайын,
Ciз бен біз де
Ғасырлар құжатына қол қоямыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сирек құбылыс өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Сирек құбылыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сирек құбылыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сирек құбылыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері