Өлең, жыр, ақындар

Немереме шағынған шақтардан

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 457
(бұл да өзінше хикая)

Орынбор — Ақмешіт — Алматы — Астанам,
Аттарын жазам да басыма жастанам.
Жыласам, күлсем де өз еркім оңаша,
Өзімше сарқылам, қайтадан басталам.
Иә, сол қалалар қат-қауырт іc қылды,
Қайда да даурықты, дауыл боп ысқырды.
— Насаттан, нашар! — деп, ол айтты — біз сендік,
Намыс боп басталдық найзадай үш қырлы.
Мақсат деп көп алмақ адамға керекті,
Ерліктің ұрығын ұрпаққа ер екті.
Орынбор көкке де, жерге де жар шашты
Ертеңгі орман деп теңселген теректі
Ол айтты:
— Қансорғыш, тізеңді ертең бүк!
Мәскеуден алады адам мен жер теңдік!
Отаршыл озбырды құртқанша біз мұнда
Орыс та, басқа да бейкүнә өртендік.
Орынбор түбімен құрттық деп тақсырды,
Ақмешіт қолына ғұзырын тапсырды.
Ақмешіт михрабы Орда боп қып-қызыл
Алдымен имамның сәлдесін тасқа ұрды.
Қып-қызыл отаулар қазақтың жерінде
Әліп-би оқытты ұраншыл төріңде.
Ән-күй де шырқалды ауаны өзгеше,
Әр қилы тебіренді жатқандар көрінде.
Абыздар алдында шаш, етек күзелді,
Сауатты бола алдық солайша біз енді
Тексізге текті құл бола алса бұл елде
Дедік біз бәpi де жөнікті, түзелді.
Осылай дәуірлеп оң-тepic қайшылық
Деген жоқ пендеге қалайша қайсыны ұқ.
Кім білген ол кезде қарт Мәскеу жүрегінде
Айдаһар оянып жатқанын жәй сұлық.
Астана керуені жабырқау жалғасып,
Алматы келгенде табаны жар басып,
Құлай да жаздады. Сол сәтте айғай-шу
Жар шашты: «Алматы, аршындап алға шық!»
Алға біз шыға алдық тоналу жағынан,
Айдаһар ысқырды, аң безді қағынан.
Адамдар азықтан талғажау таппады.
Тажалға жарамсақ жарылды ағынан.
Алдамшы бақ тәмәм... Талай ес ауысты —
Барды өз қолымен тәркілеп тауысты.
Есуас саясат есектің басы боп,
Ышқынды, ақыртты дарақы дауысты.
Қазақтың ел сенген ерлерін атқыздық.
Бабалар аруағы алдында ант бұздық.
Оларды қарғадық, оларды ұмыттық,
Қылмысты қырағы ерлікке жатқыздық.
Айдаһар аздай-ақ күллі әлем ертеңді
Қасапсыз қырғында жүз миллион ерте өлді.
Өрт сенің, қайғының өз өpтi өшпеді,
Сақтап жұрт қалса да бүгін мен ертеңді
Teмip тор, бұғаудың біз болдық отаны,
Ажал деп улады сай-сала, жотаны.
Алматы құдды бip саулы iнгeн аруана,
Тұлыптан иіскеген боз жарғақ ботаны.
Қарама-қайшылық тағы да ecipдi,
Келімсек меншігі — көп мекен көсілді.
Бастары байланып, аяғы шipiгeн
Дариялар нәрімен дақылдар өcipдi.
Айдаһар жемі еді ол. Айдаһар сарқытын
Жеп-іштік осы деп бақытым, бар құтым.
Тағы да үрейлі үн — тұйық, күн — күйік,
Сезім — сес, түнерген парасат парқы — түн...
...Же, жетер жабырқау, қайтеміз өзгесін
Үш бірдей Астана азапқа төзгесін.
Тамұқтан тар кезде-ақ ғаламға танылып,
Қаншама қаһарман өмірден озды eciм.
Қасіреттен солардың қайраты басым-ды,
Ғасырдан жинап жарқ еткен жасынды,
Fылымға, өнерге өткізді қуатын,
Жасамыс данышпан жасады жас ұлды.
Әр кездің айғағы — біздердей мосқалдар,
Әрқашан мезгілде асқанға тосқан бар, —
Ендігі аз сөзге басқаша ден қойып,
Eндiгi аз сөзден ойы ортақ досты аңғар.
— Қарт Мәскеу алжыды! — дегенде жарықтық
Жарқын бip жар шашты жаһанға жарып тік.
Ондағы зұлымдық опат боп, ес жидық,
Ежелгі елдікке еркін күш дарыттық.
Десек те сор-азап — үш ұрпақ үлесі,
Тірлікке өкпе жоқ, қатса да ciлeci.
Қан мен тер өтеуін қызықтар күн жақын
Сендердей өркеннен қыз өciп, ұл өсiп.
Кейінгі Алматым ең соңғы ызасын
Тарихқа табыстап, ic қылды iзi асыл.
Көк байрақ шарықтап ғаламға, ғарышқа
Көңілді тоғайттық, тойдың жеп біз асын.
Ендігі Алматым ақжолтай мәңгілік,
Шапағын шашты оған тау жақтан таң күліп.
Алматы зауқынан Астана ғұзырын
Ақмола — асыл кент — алмақ та заңдылық.
Керуен мен кең жазық — ежелгі үйлесім,
Кеңпейіл заманда кең Арқа билесін.
Келесі күндердің кемеңгер талабы
Ақын мен Абызға, Бектер мен Биге сын.
Көп күн бар кеткенше күдіксіз шырқап
Бiз біз әлі дерттен аз айыққан сырқатпыз.
Жұмсартып сөйлесек, дәл қазір біз деген
Көңілсіз жазылған көмескі бip хатпыз.
Ей, алла, төртінші жүрегін елімнің
Eмшici қыла гөр мертіккен белімнің.
Пенде емес, тек сенің тәртібің бекіткей
Табиғи заңдарын өмip мен елімнің.
Қарағым — ертеңім!
Сөз деп біл бұл әділ.
Сол үшін көзіңше көзден жас бұладым.
Бipeyгe таптаурын тарих боп көpiнep,
Мен үшін,
шегінсем бітпейтін бip адым...

Қаңтар, 1995 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

ТА... МА... ША...

  • 0
  • 0

Жерлесім!
Жерден жырақта
Зауладың кеше жекеше.
Жете алмай қиял жүр артта,

Толық

Үлкен жолдың үстінде

  • 0
  • 0

Яки жетпіс, яки жүз,
Яки өтті сексен жыл –
Бәрібір сол Бетпақ түз,
Бәрібір сол сексеуіл.

Толық

Ардағым – атамекенім

  • 0
  • 0

Көп тірлікті көгертіп,
Тас, темірді қыздырған,
Көнерген ойды шегертіп,
Жаңаның бойын оздырған.

Толық

Қарап көріңіз