Бәрі бар өзіміздің ортамызда оқып көр – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Бәрі бар өзіміздің ортамызда оқып көр» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 701
Оқып көр өзімізді күнделікті,
Қай жерде доғарыпты кім көлікті?
Келеміз бәpiмiз де ұбап-шұбап,
Деспей-ақ жылағанды күлген ұқты.
Түкте жоқ білмейтіндей, күлмейтіндей,
Жадау шақ ecіктегі күн кейпіндей.
Біреуден бipey кейін қалды екен деп
Tүнеріп тұра алмайды күнгей түндей.
Heci бар, сіреспей-ақ шенге төсің,
Межеге мен жетпесем, сен жетесің.
«Тәуекел түбi — қайық», өткелекте
Сенімге сен де құлаш серметесің.
Әзірше мені тыңда. Әзір менде
Мәйек бар ақылдан да, әзілден де.
Сосын айт, осы жүрген өзімізде
Әсерлі әсем жыр мен аз үн кем бе?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері