Әбіш пікіріне әзіл-шын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 768
Өлеңім — әрлі, нәрлі адам iшi
Һәм соның, ғадауаттан ада күшi.
Иншалла, заман заулап озды екен деп
Оның да келмес жүдеп-жадағысы.
Бip заң бар біте қайнап бipiк деген,
Бip заң бар пенде пейілін ipiктeгeн.
Салмағын ереженің eкi бірдей
Жүк eтiп жүрегіме жүріп келем.
Қораздай ұраншылдар қора сайын
Айқайлап елді өзіне қаратайын
Деген шақ мені бөліп ала алды ма
Қазақтың қыздарынан қарапайым?..
Жаман қыз жаман деймін сынасаң да,
Демей-ақ сенен ақыл сұрасам ба,
Тілім — мәрт, ділім — діңгек бола алмаса
Kөзi өрт көріктіге сыр ашам ба?!
Майысқақ майда лебіз бітімінде
Мүмкіндік бар да шығар бүгін үнге,
Ал маған аллам өзi солай жаз деп
Мезгілдің бұйыртпаған бip түнін де.
Білесің, сөзім емес бертіндегі
Қыз меңі жалғыз тамшы бетіндегі.
Бip содан eкi дастан тумады ма
Тарихи тәуекелге бекінгелі
Мақтаулың — қайын iнім — Тұманбайың
Айтқан жоқ ашып қызға тың ондайын.
Meнімен ойнамаңдар, мен әлі де
Махаббат мөлдipiндeй тұнам дәйім.
Үйлесіп үлкейелік қайсымыз да,
Өнеге өзіміздің қасымызда.
Үйренбек қажет бізге табиғаттан,
Кең жазық ic қылмаған қарсы құзға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбіш пікіріне әзіл-шын өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Әбіш пікіріне әзіл-шын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әбіш пікіріне әзіл-шын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбіш пікіріне әзіл-шын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері