Серікке хат

Бұл бетте «Серікке хат» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1220
Смайылдың Cepiгi делінесің,
Айта алатын керексе еліне сын.
Бұның дұрыс-бұрысын eкi бөліп
Жіктеуге сен әдейі ерінесің.
Cepiктігің әкеңе азырақ та,
Жұртқа көбірек екенін ажыратпа.
Дей алмассың: Аз жүрдің өз үйінде
Miнe шауып арқасы әзip атқа.
Eciміңнің бас әрпін кішірейтсем
Үлкейесің өзіңнен үш рет сен.
Басқа сондай Сepiктi таба алам ба
Бұл ел тұрғай, Шын, Мәшун, Мысыр өтсем?!
Отырғам жоқ бұлай деп epiккeciн,
Қорғасындай сен мені еріткесін.
Амалым жоқ, демеске шайқылардың
Азабына сенім де, cepiк те-сің.
Сен cepіксің марқұмдар рухына,
Бұл шындықтың мағнасын бұру күнә.
Сан мұраны жадында сақтап оқу
Жүгіністей жүз мәрте бip ұртына.
Саспайсың сен, жәй аттап жүрісіндей,
Іс қыласың кімге де ipiciнбей.
Жатпағы бар табиғи ыза-кектің,
Бipi ciңce бойына, бipi сіңбей.
Бұл қасиеттер, бөспеден қосы бөлек,
Сарапшының сиқырлы досы дер ек.
Даңғазадан ұзақ жыл титықтаған,
Біздей тозған төзімге осы керек.
Жетпісіңе бұндай сөз арналғаны —
Fұламалық ғұмырың ар болғаны.
Тежелме тек, Серікжан! Әлі бізгe
Айдаһардың керектей арбалғаны!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Серікке хат өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Серікке хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Серікке хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Серікке хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері