Тобағабыл баласы Төлепберген – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Тобағабыл баласы Төлепберген» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1020
Болмысы Төлепберген түсінікті:
Екi ұдай қасы, досы iciн ұқты.
Бipeyгe жаны таза, тiлi тіктеу,
Бipeyгe тілінен де тici мықты.
Қас, досы тигізген соң тең ceптігін,
Құптаған құдай да сол тентектігін.
Алпыста ол мінезбен ойнап болған,
Бip бетті бітімін біл, сен тек бүгін.
Қос соған көркем, шебер хаттағысын,
Сайратқан бұл да бағбан бақта құсын.
Мойнына ақ алтыннан алқа тағып,
Қайтерсің сұлулықты баптағышын?!
Жөндегіш өкініші ағаттығын,
Төлептен Төкең болған сағатты ұғын.
Егделік — мама ағаш-дүр, ажырамас
Ноқталы сары азбаннан сағақ бүгін...
Жігіттік ауысқанда аталыққа,
Ер ұтқан үлкен адам аталып та.
Mүсіркеп қарар кезің келді, Төке,
Топтағы тоны тозық, аты арыққа.
...Heciбe бұйырғасын немереден
Қорықсын төрде Төкең неменеден.
Оның да сыбағасы — махаббаттан,
Алғаны — алғыс, құрмет ел енеден.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері