Салтанат сазы – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Салтанат сазы» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 775
Далам қайсың, жан өлкем, таусылмайтын,
Теңізім қайсың, тәкаппар тау, шың қайсың.
Қайсыңды да тыңдасам жатпай-тұрмай
Жау қайтарған бабамның даусындайсың!
Болашағын боздағым, қозым дейтін
Кемеңгерлер көңілінің көзіндейсің.
Нәр сызбастай тағдыр аш қалдырса да,
Нәсіл едік төрт уыс төзім жейтін.
Қайрат жиған қайғыдан, нәубеттерден
Қай әулием әлжуаз әулет берген?!
Ұлың тұрғай қылышты қыз көтерген,
Махаббаттан дән болып дәулет келген!..
Tәңірім деген тәубе де, тәуекел де
Ауырсынбай кетер деп тау әкелді
Таудай міндет жүктенді тәуелсіздік,
Соны ойлап та аруаққа тәу ет енді!
Ендi жөн жоқ өмірден түңілетін
Жүрегімнің түсер деп түбіне түн.
Басын иіciн замана зар биікке
Көк байрағы көкемнің тігілетін!

1994 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері