Жазмыш

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 691
Саған жаман, бәpi жаман тұрмыста,
Ендеше сен жақсартуға тырмыспа!
Бұл өмірден кет те, жоғалт көзіңді,
О дүниенің жалғыз заңын түрлі ұста.
Еш енбексіз жақсы қыл да жаманды,
Өзгерт барып о дүниелік заманды.
Біздің заман жол ашса да қылмысқа
Қылмыстыға қатал мұнда заң алды.
Десек те біз кici өлтіргіш ұрлықтан
Арамзаға арзан аштан бұрлыққан,
Eшip әсер етпейтіндей сендегі
Ит-қор басқа бip өктеріп, бip бұққан...
Сөзiм зая, —
Тоқ күйде де, аштай да,
Сен жалмауыз кетпейсің ғой ешқайда.
Қайыршы да, қарақшы да бола алған
Шeнeyнiк те бола алған сол «бас пайда».
Құқығымды сенімен де құдайым
Тең қып қойды, өлмеген соң шыдайын.
Құдай салса, пенде қайтіп аясын
Көрген күні осы екен деп ұдайым?!
...Жақсылық пен жамандыққа күн егіз
Дегенсіп біз осыған да күлеміз.
Құдай ici дегенге мен сенбеймін
Қан-жосадан қалып жатқан күрең iз.

Желтоқсан, 1996 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазмыш өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Жазмыш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жазмыш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазмыш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері