Қайтсін-ау – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Қайтсін-ау» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 722
Асаулық бесті атқа жарасқан
Құрыққа құл болып кермесе.
Оған да тағдыр жоқ қарасқан,
Құлағын жұлғыштай бермесе.
Қайтесің асаусып, осқырып,
Адамнан аулақта өскендей.
Kінәciз мойныңа қос құрық
Салса да мүсіркер дос кемдей.
Осқырма баршаны жатсынып,
Жақын кел, жақсы емес тағылық.
Тағылық күтпейді жақсылық,
Жазықсыз тастар деп тағы ұрып.
...Деуін біз десек те осылай,
Кей-кейде жас жүрек жаралы.
Кейінгі қайтсін-ау шошымай,
Keшегi ұрда-жық бар әлі

Желтоқсан, 1996 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтсін-ау өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Қайтсін-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайтсін-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайтсін-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар