Қайтсін-ау
Бұл бетте «Қайтсін-ау» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асаулық бесті атқа жарасқан
Құрыққа құл болып кермесе.
Оған да тағдыр жоқ қарасқан,
Құлағын жұлғыштай бермесе.
Қайтесің асаусып, осқырып,
Адамнан аулақта өскендей.
Kінәciз мойныңа қос құрық
Салса да мүсіркер дос кемдей.
Осқырма баршаны жатсынып,
Жақын кел, жақсы емес тағылық.
Тағылық күтпейді жақсылық,
Жазықсыз тастар деп тағы ұрып.
...Деуін біз десек те осылай,
Кей-кейде жас жүрек жаралы.
Кейінгі қайтсін-ау шошымай,
Keшегi ұрда-жық бар әлі
Желтоқсан, 1996 жыл
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі