Бұны да ескерейік

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 930
Болғай аман қала-қыстақ зілзаладан!
Болғай аман ай пәледен, жыл жаладан!
Бүтіндегей жыртық-тесік бұл тұрмысты
Елге сіңген еңбегімен олжалы адам!
Әсем тілек,
Тілектің де жәрдемі — есеп,
Біздер кеппіз, менсіз де күш бар демесек.
Ықтау керек саямызға қайырым-рақым,
Шықпау керек біздер татқан нәрден өсек.
Есте болсын жалған пысық жасқаншақтар,
Есте болсын бордай тозып босқан шақтар,
Есте болсын күйген жерлер күнәсыздар,
Есте болсын тиген жерлер бастан шоқпар!
Азабына тез деп аллам берген екен, —
Орнатайық жанға жайлы жерге мекен.
Дін-иманнан жаратылған жар сүйелік,
Күл боп ұшып кетті демей желге некем...
Сарқылған салт, шаршаған тіл не тілейді?
Оларға сый кімнің қанша ниеті үлейді?
Жұртымызға әлдеқайдан келіп жатқан
Әдеттердің нeci қызық, нeci үрейлі?
Жауап — жырда, —
Сол қинайды мeнi epiкciз,
Өнер қайда қашар дейсің демелік біз.
Өлген шақта өнердің көп бережағын
О дүниеге арқалап та жөнеліппіз...

Желтоқсан, 1996


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұны да ескерейік өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Бұны да ескерейік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бұны да ескерейік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұны да ескерейік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері