Басы да аяғындай ұйқасқан сөз
Бұл бетте «Басы да аяғындай ұйқасқан сөз» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Не жетсін кіршігі жоқ кісілікке,
Қажетсің қадіp тұтар кішілікке.
Бұрқансаң бұзықтайсың білімсізге,
Өжетсің түгел ұққан түсінікке.
Шыдайсың тас атқанға тарыққанда,
Құдайсың құдіретіңді танытқанда.
Іс қылсаң кешірместей, өзің өртке
Құлайсың, тартынбайсың тамұқтан да.
Амансып шыбын жаның шықпағанда,
Жамансың ceнi досың ұқпағанда.
Біреуден сен өзіңді кем керсең де,
Замансың ел сөзіңе тоқтағанда.
Осындай біздің өмip біліскенге,
Басынбай, бipгe жесіп, бip ішкенге.
Мазасыз бұл дүниеде болса болды
Досымдай бейтанысым дұрыс пенде.
Кейіспей, келісп өмip сүріңдерші,
Сүйіспей, сүйкімдірек түрің берші.
Пейіштей пейіліңді қимасаң да,
Тиіспей жүрегіме жүріңдерші.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі