Өкпе-назда жұмысың не? – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Өкпе-назда жұмысың не?» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 724
Ей, Хама, жұмысың не өкпе-назда?!
Өкпенің артта қалған еткелі аз ба?!
Ол бip кез деген саған жану үшін
Жарықтан тас түнекке өт те, мазда!
Жоқ,шүкip, әлсіз күнін сағынбайтын
Тамыздың тамылжыған бағындайсың.
Жұрт ceнi азырқанбай ара десе
Қалайша қайратына бағынбайсың?!
Көңілің кешіктім деп жасымасын,
Онсыз да аз өмірде асығасың.
Арадай шеттен шырын тасығасын
Байқамай жүрсің icтің басы-қасын.
Ей, Хама, қанша көктем, күз ақтадың,
Қызықтар — қыздан сұлу, ұзат бәрін...
Халықтың саған берген аты-жөнін
Қуып та жете алмай жүр құжаттарың.
Айызы келе жатқан әлі қанбай
Өкпе-наз сендік емес налығандай.
Ойлап бақ, мына күннің енді қалған
Тұзы мен тұшынып жер наны қандай?!

Қаңтар, 1997 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері