Бір досыма басалқы сөз
Бұл бетте «Бір досыма басалқы сөз» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайраты жоқ жыламсақ жасық қайғы
Сен асықпай, сен үшін асықпайды.
Ақырын-ақырын жүйкеңді азық eтiп,
Үзілмеген үміттен қашықтайды.
Қалай соған шыдайсың, арланбайсың?..
Өйтсең неге әрнені армандайсың...
Өмip деген емес пе мұң-шаттығын
Бip өзіңе қаратып алғандай шын...
Жөн емес пе қалғанша қасық қаның
Мұңнан ұпай алмаққа асыққаның?..
Жанды жұмса! Жан — құдірет құпиясы,
Емес қой ол арты бос ашық тәнің!-.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі