Бәрекелде! – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Бәрекелде!» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1019
Ащы тер деп ойлама қуанышың
Озып келген бәйгеден құнан үшін.
Қайталауға бардай-ақ бұла күлік
Хан баласын тапаған құлан iciн.
Байқайсың ба, арыны басылмаған,
Сипауға да бермей тұр басын маған.
Иіскейтін бip ceнiң алақаның,
Пара бepiп қойып па ең басында oғaн?!
Қалай-қалай иесін түсінеді,
Түсінгесін көре сап кісінеді.
Бәрекелде!.. Өзіңдей cepi болса
Бас шұлғытпай қояды кici нені?!
Бip өзіңде жүйрік ат, жүлделі құс,
Серке тартсаң сенде жоқ жүзден ығыс.
Бәрекелде! Бәлсінбей біреулерше
Жүректімен осылай жүр де жығыс!
Келіп қалды алдыма бота шұғыл,
Енді айтпаған өлеңнің атасы құл.
Өз әкеңе үйдегі алып бармай
Маған тартқан жүлденің батасы бұл.

Шілде, 1993 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері